freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстауда теңіз жағалауынан аққулардың өлексесі табылды

Экология
Маңғыстауда теңіз жағалауынан аққулардың өлексесі табылды
Фотоны эколог Әділбек Қозыбақов ұсынған

 Әлеуметтік желіде ақтаулық қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев өлген аққулар мен үйректердің бейнежазбасын бөлісті. Айтуынша, өлекселер Сайын Шапағатов елдімекенінің 24 шақырымында теңіз жағалауында жатыр. Тұрғын құстардың сол маңдағы демалыс базасы мен оған жақын орналасқан кәсіпорыннан шыққан су жиналатын жерде өліп жатқанын айтады.

 Облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың айтуынша, мамандар оқиға орнына барып, өлекселерден және аталған судан сынамалар алған.

Жаппай өлім тіркелген жоқ. Ветеринарлар өлген құстардан сынама алды. Ал экологтар судан сынама алды. Қорытындысы бір аптада шығады. Оны қосымша хабарлаймыз. Жалпы, қазір құстан миграциясы жүріп жатыр. Есеп бойынша «Қаракөл» көлінде 4-5 мыңдай аққу бар. Ал аралдарда кем дегенде 20 мың аққу бар. Олар ауа райының суытуына байланысты көшіп-қонып жүреді. Сол кезде әлсірегені болады, 20 мыңның арасында бірен-саран өлім – бұл табиғи құбылыс, - дейді Ғаббас Досатов.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу