freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Маңғыстаудың даласы қоқысқа толып жатыр

Экология
Маңғыстаудың даласы қоқысқа толып жатыр
Фото: видеодан кадр

Маңғыстау облысында қоқысқа толы дала видеоға түсірілді. Өңірдің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау даласында шашылып жатқан қоқыстың арасында жүрген түйені әуеден түсірген.

Кадрларда түйенің пакет пен өзге де қалдықтардың арасынан азық іздеп жүргені көрінеді. Видео экологиялық жағдайға қатысты қызу талқылау туғызды.

Пікірлерде кейбір қолданушылар бұл видео жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін деп үміттенген.

Lada.kz басылымына берген сұхбатында блогер роликтің 20 сәуір күні Мұнайлы ауданында, тұрмыстық қатты қалдықтар полигонына жақын жерде түсірілгенін айтты.

Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы аталған басылымға видеодағы нысан қолданыстағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны екенін, онда қалдықтар белгіленген талаптарға сай орналастырылатынын түсіндірді.

Мамандардың айтуынша, қоқыстың жеңіл фракцияларының полигон аумағынан тыс жерлерге таралуы технологиялық процестер мен табиғи жағдайларға байланысты болуы мүмкін.

«18 сәуір күні полигон аумағында және оған іргелес жерлерде ұйымдастырылған сенбілік аясында жоспарлы санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде аумақ тиісті санитарлық жағдайға келтірілді. Алайда 2026 жылғы 20 сәуірде полигон маңында өрт болды. Оны сөндіру барысында, сондай-ақ желдің күшеюі салдарынан қоқыстың жеңіл түрлері (пленка, қағаз және өзге материалдар) қайтадан негізгі жинақтау аумағынан тыс жерлерге тарап кетті. Қазіргі жағдайдың тіркелуіне осы себеп болды», – деп хабарлады ведомство.

Басқарманың мәліметінше, қазіргі уақытта полигон аумағында және оның маңында тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы қызметтер мен техника жұмылдырылған.

Айта кетейік, тазалау жұмыстары жақын уақытта аяқталып, кейін фотоесеп ұсынылады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу