Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мақпал Жүнісова өзінің тарихи образы туралы айтты

Шоу-бизнес
Мақпал Жүнісова өзінің тарихи образы туралы айтты

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлем аралаған кездерін еске алып, сахнаға киген тарихи көйлегі туралы айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Өнер иесінің сөзінше, бұл образ оның өмірінде ерекше орын алған. Себебі дәл сол көйлегін Шри-Ланка, Марокко және Үндістан секілді бірқатар елдің сахнасына киіп шыққан.

Осы костюмді әбден тоздырып кидім. 1985-те «Гүлдер» ансамблі тіктіртіп берген. Бомбей қаласында 40 күн «Фестиваль Советской песни» өтті. Қазақстаннан Бибігүл Төлегенова, «Мұрагер» ансамблі, мен және «Гүлдер» ансамблінің бишілері қатысты. 100 мыңдық стадионда күнде лық толы халық болатын. Одаққа кіретін республиканың өнер шеберлерімен өткен керемет 40 күн өте шықты. Мәскеуден Алла Пугачёва, бишілері, В.Леонтьев, Грузия, Армения, Әзербайжан би топтары болған еді. Бұл көйлек Шри-Ланка, бүкіл Қазақстан облыстарына киіліп, 1989 жылы «Медеу» айдынында «Алтын Алма» фестивалінде соңғы рет кидім. Мароккада болғанда да киілген, - деп жазды өнер иесі Instagram-дағы парақшасында.

Фото: instagram.com/zhunusova.makpal

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу