freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Марқұм күйеуінің көңілдесі болғанын біліп қойған әйелі 3 миллион долларға қарық болды

Әлем
Марқұм күйеуінің көңілдесі болғанын біліп қойған әйелі 3 миллион долларға қарық болды
shutterstock.com

Қытайда сот марқұм ер адамның көңілдесіне аударылған шамамен 3 миллион АҚШ долларын оның заңды жұбайына қайтару туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Malim.kz.

South China Morning Post басылымының мәліметінше, Шанхай қаласының тұрғыны күйеуі қайтыс болғаннан кейін ғана оның жеті жыл бойы басқа әйелмен жасырын қарым-қатынаста болғанын және сол уақыт ішінде оған ірі көлемде ақша аударып отырғанын анықтаған. Бұл жайт әйелге ауыр соққы болып тиген. Ол сотқа жүгініп, қаражатты қайтаруды талап еткен, сот талапты қанағаттандырды.

Әйел Цзинь тегі бар ер адамға 1999 жылдың шілдесінде тұрмысқа шыққан. Ерлі-зайыптылардың 20 жылдан астам некеде бір ұл мен бір қызы дүниеге келген. Күйеуі 2022 жылдың мамыр айында қайтыс болған. Дәл осыдан кейін ғана жұбайы оның 2015 жылдан бері Тао тегі бар әйелмен құпия байланыста болғанын білген.

Марқұмның жеке заттарын тексеру барысында әйелі қаржылық аударымдарды растайтын дәлелдерге тап болған. Тергеу нәтижесінде ер адамның жеті жыл ішінде көңілдесіне шамамен 3 миллион доллар аударғаны анықталды. Бұл туралы заңды жұбайы мүлде хабарсыз болған.

Алданған әйел балаларымен бірге сотқа талап арыз беріп, аталған қаражатты "заңсыз сыйлықтар" деп тануды және оларды қайтаруды сұраған. Бірінші сатыдағы сот ер адамның жұбайының келісімінсіз отбасылық ірі мүлікті өз бетінше иелік етуге құқығы болмағанын атап өтіп, Таоны ақшаны қайтаруға міндеттеген.

Сот шешімінде бұрын қайтарылған 770 мың доллар ескеріліп, қалған соманы толық өтеу жөнінде үкім шығарылды. Таоның апелляциялық шағымы Шанхай қаласының бірінші аралық халық соты тарапынан қанағаттандырылған жоқ.

Сот қаулысында некесіз қарым-қатынас аясында берілген мұндай "сыйлықтар" жұбайының мүліктік құқықтарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы моральдық қағидаттарды да бұзатыны ерекше атап өтілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу