freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәскеу мен Ресейдің 20 өңіріне жаппай дрон шабуылы жасалды

Әлем
Мәскеу мен Ресейдің 20 өңіріне жаппай дрон шабуылы жасалды
Фото: Moscow Region Governor Andrei Vorobyev official telegram channel via AP/picture alliance

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, 7 мамырға қараған түні Мәскеу мен елдің 20-дан астам өңіріне украиналық дрондармен жаппай шабуыл жасалған, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, әуе қорғаныс жүйелері түн ішінде ұшақ типіндегі 347 БПЛА-ны атып түсірген. Бұл — Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бергі ең ірі дрон шабуылдарының бірі.

Шабуылдар Белгород, Брянск, Волгоград, Воронеж, Курск, Ростов, Тула, Тверь облыстары, Мәскеу аймағы, Краснодар өлкесі, Адыгея, Қалмақстан және аннексияланған Қырым аумақтарында тіркелген. Сондай-ақ Азов, Каспий және Қара теңіз акваторияларында да дрондар жойылғаны хабарланды.

Мәскеу мэрі Сергей Собяниннің айтуынша, астанаға бағытталған 30-дан астам дрон атып түсірілген. Оқиға орындарында жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Мәскеудегі Внуково мен Шереметьево әуежайларында ұшақтарды қабылдау және ұшыру уақытша шектелген. Кей өңірлерде рейстер кешіктіріліп, тоқтатылған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу