«Қазгидромет» РМК мамандары 2025 жылғы маусым айына арналған құрғақшылық болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің бірнеше өңірінде орташа құрғақшылық жағдайы сақталады.
Құрғақшылық қаупі бар аймақтар тізімі:
Қостанай облысы – Амангелді, Жангелдин аудандары;
Ақтөбе облысы – Шалқар, Ырғыз және Әйтеке би аудандары;
Атырау облысы – Құрманғазы, Махамбет аудандары, Атырау мен Құлсары қалаларының маңайы;
Қарағанды облысы – Ақтоғай, Қарқаралы және Шет аудандары;
Ұлытау облысы – Ұлытау және Жаңаарқа аудандары;
Абай облысы – Аягөз ауданы;
Алматы облысы – Балқаш және Жамбыл аудандары;
Жетісу облысы – Алакөл ауданының бір бөлігі;
Жамбыл облысы – Мойынқұм, Қордай, Т. Рысқұлов, Меркі, Сарысу және Талас аудандары;
Түркістан облысы – Сауран, Қазығұрт, Отырар, Төле би, Шардара, Сарыағаш, Жетісай, Түлкібас аудандары мен Шымкент қаласы;
Қызылорда облысы – Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандары мен Қызылорда қаласы, сондай-ақ Арал ауданының кейбір бөліктері.
Сонымен қатар, синоптиктердің айтуынша, мамыр айында жауған жауын-шашын мен маусымдағы жауындар солтүстік өңірлердің кей бөліктерінде орташа ылғалды жағдай қалыптастырады.
Фото: freepik.com