Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мажарстан мен Албаниядағы Қазақстан елшілері тағайындалды

Саясат
Мажарстан мен Албаниядағы Қазақстан елшілері тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мажарстандағы және Албания республикасындағы төтенше және өкілетті елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Malim.kz.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абзал Сапарбекұлы Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Жәнібек Жарасқан-ұлы Әбдрашов Қазақстан Республикасының Мажарстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды, - деп хабарлады Ақорда.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Искандер Жүсіпұлы Айсариев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Албания Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.

Фото: Ақорда

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу