Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

Саясат
Мәжіліс пен мәслихат сайлауының өтетін күні мәлім болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін тоқтатып, кезектен тыс сайлау уақытын белгіледі. 

Сайлау 2023 жылғы 19 наурыз күні болады.  Тоқаев өз мәлімдемесінде Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізім арқылы, ал қалған 30 пайызы бір мандатты округтерден сайланатынын айтты. «Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардағы мәслихат депутаттары да аралас жүйе бойынша сайланады. Депутаттардың 50 пайызы бір мандаттық жүйе арқылы, 50 пайызы партиялық тізім бойынша өтеді. Ал, аудан және облыстық маңызы бар қалалардағы мәслихат сайлауында азаматтар бір мандатты округтерден шыққан кандидаттарға дауыс береді»,-деді ол.

 Сайлау туралы заңға сай, Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауын президент тағайындайды. Парламент немесе мәжіліс өкілетін тоқтату туралы шешімді де президент қабылдайды. Сайлау мәжіліс немесе парламент өкілеті тоқтатылған уақытпен есептегенде екі ай ішінде өтуі керек.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу