Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мәжілісте анасын құттықтаған депутат: Маған қарсы болғандар – анасын сыйламайтындар

Қоғам
Мәжілісте анасын құттықтаған депутат: Маған қарсы болғандар – анасын сыйламайтындар

Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров отырыс барысында анасын мерейтойымен құттықтағаны үшін сынға алғандардың барлығын аналарына құрмет көрсетпейтіндер деп айыптады, деп хабарлайды Malim.kz КазТаг-қа сілтеме жасап.

Мен анасын құрметтемей жүргендерге үлгі болсын деп айттым. Жалпы халық қарсы емес, тек кейбір адамдардың ниеті бөлек. Анасын сыйлай алмайтындар қарсы, ал ата-анасын ардақтайтындар қолдайды. Сондықтан өз бағытымнан қайтпаймын. Анасын, әкесін сыйлаған адам ғана еліне адал қызмет ете алады", – деді ол.

Ол сын айтқандарды өзіне қызғанышпен қарайды деп те айыптады.

Сонымен қатар депутат сайлаушылардың сынына бейжай қарайтынын жасырмады.

«Көрсін, айтсын, жазсын – ол маған маңызды емес, оған ешқандай реакция білдірмеймін, әркім өз деңгейінде», – деді Назаров.

Фото: Мәжіліс

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу