Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мейрамханалар мен кафелер қызметі 10 пайызға қымбаттайды

Сұқбат
Мейрамханалар мен кафелер қызметі 10 пайызға қымбаттайды

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, қазақстандық дәмханалар мен мейрамханалардағы баға бір жылда 25 пайызға өскен. Қоғамдық тамақтандыру орындарының иелері азық-түлік бағасының тез өсуіне және қызметкерлердің айлығын көтеру қажеттілігіне байланысты баға белгілерін қайта жазуға уәде беріп отыр.

«Шығыстардың негізгі баптары бірінші кезекте өнім сатып алу, қызметкерлердің жалақысы, жалға алу және коммуналдық төлемдер. Әрине, қазір өнім кем дегенде 30-50 пайызға қымбаттады. Бізде ет көп. Өнімдердің барлығында дерлік, барлық ас мәзірінде ет бар», - деп түсіндірді қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының құрылтайшысы Сұлушаш Тұяқова.

Оның айтуынша, инфляция қарқынын ескерсек, қоғамдық тамақтану орындарындағы баға тағы 10 пайызға қымбаттауы мүмкін.

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының кейінгі 15 жылда ерекше қымбаттағанын айтты. Ақпанда инфляция жылдық шарықтау шегіне жетіп, 21 пайыздан асты. Қазір адамдар айлық табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсайды.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу