freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мемлекеттік білім гранттарының басым бөлігі қай мамандықтарға бөлінді?

Білім-ғылым
Мемлекеттік білім гранттарының басым бөлігі қай мамандықтарға бөлінді?
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі

2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті. Биыл грант конкурсына қатысуға 127 мыңнан астам талапкер өтінім берген, деп хабарлайды Malim.kz.

Талапкерлер қай мамандықтарды жиі таңдады?

Ең көп сұранысқа ие білім беру бағыттарының қатарында педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бар.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаеваның айтуынша, гранттар еңбек нарығындағы сұраныс пен ел экономикасына қажетті мамандарды даярлау басымдығына сәйкес бөлінген.

Гранттардың үлесі қалай бөлінді?

2026-2027 оқу жылында бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың мемлекеттік білім гранты қарастырылған. Оның ішінде:

инженерлік-техникалық бағыттарға – 60%;

педагогикалық мамандықтарға – 20%;

қалған білім беру бағыттарына – 20%.

Гранттарды бөлу кезінде талапкерлердің ҰБТ нәтижелері, таңдаған мамандықтары және заңнамада көзделген квоталар ескерілген.

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері 2026 жылғы 7 тамызда сағат 15:00-де белгілі болады.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарына құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады.

Еске салайық, биыл талапкерлер мемлекеттік грант конкурсына қатысу үшін өтінімдерін жаңартылған eGov жүйесі арқылы онлайн форматта тапсырды. Өтінім қабылдау 13-20 шілде аралығында eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүргізілді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу