freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мерц пен Трамп Иран мәселесін талқылады

Әлем
Мерц пен Трамп Иран мәселесін талқылады
Фото: dpa/AP/picture alliancе

Германия канцлері Фридрих Мерц пен АҚШ президенті Дональд Трамп ұзақ үнсіздіктен кейін телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Мерц әңгімені «жақсы өтті» деп бағалап, Иран мәселесі бойынша екі елдің ұстанымы бір екенін айтты.

ГФР канцлері Фридрих Мерц АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына қатысты сын пікірлерінен кейін туындаған бірнеше апталық шиеленістен соң, 15 мамыр, жұма күні АҚШ президенті Дональд Трампқа телефон соқты.

Ақ үй басшысымен болған келіссөз туралы Мерц X әлеуметтік желісінде хабарлады. Телефон қоңырауы кезінде Трамп Қытайдан қайтып келе жатқан ұшақ бортында болған.

Тараптар Иран төңірегіндегі жағдайды, Украинадағы соғысты және НАТО мәселелерін талқылады.

«Біз біргеміз», – деп жазды Фридрих Мерц. Ортақ ұстанымға сәйкес, Иран келіссөз үстеліне отыруы керек, Ормуз бұғазы ашық болуы тиіс және Тегеран ядролық қаруға ие болмауы қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу