freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мерц пен Трамп Иран, Украина және НАТО мәселелерін талқылады

Әлем
Мерц пен Трамп Иран, Украина және НАТО мәселелерін талқылады
Фото: dpa/AP/picture alliancе

Германия канцлері Фридрих Мерц бірнеше апталық шиеленістен кейін АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін Мерц АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысына қатысты сыни пікір білдірген еді.

Мерцтің айтуынша, әңгіме «жақсы» өткен. Ол X әлеуметтік желісінде екі елдің Иран мәселесіне қатысты ұстанымдары ұқсас екенін жазды.

Тараптар Иран төңірегіндегі жағдайды, Украинадағы соғысты және НАТО мәселелерін талқылады. Ортақ пікір бойынша, Иран келіссөз үстеліне отыруы тиіс, Ормуз бұғазы ашық қалуы керек және Тегеран ядролық қаруға ие болмауы қажет.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу