freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Мюнхенде Иран режиміне қарсы 250 мың адам шеруге шықты

Әлем
Мюнхенде Иран режиміне қарсы 250 мың адам шеруге шықты
Фото: https://t.me/dwglavnoe

Германияның Мюнхен қаласында Иран билігіне қарсы ірі митинг өтіп, оған шамамен 250 мың адам қатысты, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Шеру қалада өткен Мюнхен қауіпсіздік конференциясына орай ұйымдастырылды. Полиция дерегінше, ұйымдастырушылар 100 мың адам күтсе де, қатысушылар саны одан әлдеқайда асып түскен. Соңғы жылдардағы қаладағы ең ауқымды наразылықтардың бірі саналған акция бейбіт түрде өтті.

Наразылық кезінде 1979 жылғы Ислам революциясына дейін қолданылған Иран тулары, Израиль жалаулары және соңғы шахтың ұлы Реза Пехлевидің портреттері көрінді. Пехлеви сол күні конференция алаңында Батыс елдерін Иран билігіне қысымды күшейтуге шақырды. Алайда шеруге қатысушылардың бір бөлігі «Шахқа да жоқ, молдаларға да жоқ» деген ұран көтеріп, Ирандағы кез келген авторитарлық жүйеге қарсы екенін білдірді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу