Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Молдовадағы парламент сайлауында еуропалық бағыттағы партия жеңіске жетті

Әлем
Молдовадағы парламент сайлауында еуропалық бағыттағы партия жеңіске жетті

Молдова парламентіне өткен сайлауда еуропалық бағыттағы «Әрекет және ынтымақтастық» (PAS) партиясы басым дауыс жинап, көш бастады, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Елдің Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, 29 қыркүйек күні таңертең бюллетеньдердің 99,87 пайызы саналып, PAS 50,15 пайыз дауысқа ие болды.

Негізгі қарсыласы – Ресейге бейім «Патриоттық блок» 24,19 пайыз дауыс жинады. «Альтернатива» блогы – 7,97 пайыз, Бельцы қаласының бұрынғы мэрі Ренато Усаты басқаратын «Біздің партия» – 6,2 пайыз, ал проевропалық «Үйдегі демократия» партиясы – 5,62 пайыз дауысқа ие болды.

Осы нәтижелер PAS-қа 101 мандаттың кемінде 54-ін қамтамасыз етеді. Дегенмен, өткен шақырылымда партияда 61 орын болған еді.

ОСК дерегінше, сайлауға қатысу деңгейі 52,1 пайызды құрады. Барлығы 14 партия, төрт блок және төрт тәуелсіз кандидат қатысқан. Дауыс бергендердің саны 1,6 миллионнан асты, оның ішінде 264 мыңнан астамы шетелдегі сайлау учаскелерінде өз таңдауын жасаған.

Фото: Nicholas Muller/SOPA Images/ZUMA/picture alliance

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу