freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мұғалім жауапты болмайды": Депутат Асхат Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты жаңалықты жеткізді

Білім-ғылым
"Мұғалім жауапты болмайды": Депутат Асхат Аймағамбетов ел асыға күткен қуанышты жаңалықты жеткізді
Sputnik / Санат Имангалиев. Суретте: Асхат Аймағамбетов

Мәжіліс депутаттары педагогтердің құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобаларын қарауға алды. Атап айтқанда, "Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері" туралы заңға, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер енгізу ұсынылып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Жобаға сәйкес, мұғалімдердің оқушылардың өмірі мен денсаулығына қатысты жауапкершілігі тек оқу процесі кезінде ғана айқындалады. Яғни сабақ уақыты аяқталған соң, демалыс күндері немесе каникул кезінде баланың қауіпсіздігіне ата-анасы жауапты болады.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған бастама Мемлекет басшысының Тамыз кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес әзірленген.

"Заң жобаларында келесі нормалар ұсынылды. Бірінші, педагогтердің балалардың өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілігін тек оқу процесі барысында айқындау, яғни оқудан тыс уақытта және каникул немесе кешкі уақытта ата-анасының жауапкершілігі болуы тиіс. Бұл мәселе бойынша Мемлекет басшысының Тамыз кеңесінде берген тапсырмасы бар", – деп мәлімдеді Асхат Аймағамбетов мәжілістің жалпы отырысында.

Заң жобасында мұғалімдерді өздерінің кәсіби міндетіне қатысы жоқ әртүрлі шараларға мәжбүрлі түрде қатыстыруға тыйым салу жөніндегі норма да енгізілген.

"Үшінші, ол есептілікті бір мезгілде екі форматта, қағаз және электронды түрде жүргізуге тыйым салу ұсынысы енгізілгенін айтты. Тек бір форматта ғана болуы тиіс", – деді депутат.

Сонымен қатар депутаттар "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекске педагогтердің құқықтарын бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін нақты түзетулер енгізуді ұсынып отыр. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің қарауында, комитет құжат бойынша тиісті қорытынды дайындауға кірісуге дайын.

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов енді мұғалімдерді әлеуметтік желіге Reels түсіруге мәжбүрлеуге және жұмыс уақытынан тыс кезде WhatsApp арқылы жауап беруге міндеттеуге жол берілмейтінін айтқан еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу