freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Мұны қалай түсінуге болады?" – Әнші Мақпал Жүнісова ел күтпеген сұмдық жайтқа тап болды

Қоғам
"Мұны қалай түсінуге болады?" – Әнші Мақпал Жүнісова ел күтпеген сұмдық жайтқа тап болды
Youtube/Dina Tolepbergen. Суретте: Мақпал Жүнісова

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова еліміздегі танымал әуекомпанияның бортсеріктерінің әрекетіне байланысты шағым айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Әншінің айтуынша, ұшақ ішінде бос тұрған терезе жақтағы орынға ауысқысы келген. Алайда бортсеріктер оған рұқсат бермей, бұл орындардың ақылы екенін алға тартқан.

"Ұшақта бос орындар бар. Бірақ сол жерге отыруға мүмкіндік бермейді. Есіктер жабылды, ешкім отырмайды. Сонда бұл қалай?" – деп ол әуекомпания өкілдеріне сұрақ жолдады.

Мақпал Жүнісова ұшақ салонындағы бірнеше бос орындарды көрсетіп, орын ауыстыруға не себепті тыйым салынғанын түсінбейтінін жеткізді. Оның сөзінше, билет үшін толық ақы төлеген жолаушы ретінде бос орынға отыруда ешқандай мәселе болмауы тиіс.

"Мен өз орнымды сатып алдым. Бос тұрған жерге отырғым келді. Біреудің орнын иемденіп отырған жоқпын. Мұның несі дұрыс?" – деп әнші өз наразылығын білдірді.

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасының шоқтығы биік өнер иесі

Мақпал Жүнісова – қазақ эстрадасында өзіндік орны қалыптасқан, халық сүйіспеншілігіне бөленген көрнекті әншілердің бірі. Ол 1963 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Теректі ауылында дүниеге келген. Өнер жолын ерте бастап, 1981 жылдан бері "Қазақконцерт" бірлестігінің солисі ретінде үздіксіз шығармашылықпен айналысып келеді.

Жас кезінен-ақ талантымен танылған әнші халықаралық байқауларда топ жарып, кәсіби деңгейін дәлелдей білді. Ол небәрі 22 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі атанса, 31 жасында Халық әртісі атағына ие болып, үлкен құрметке ие болды.

Мақпал Жүнісова жоғары білімді де назардан тыс қалдырмаған. Ол Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-н тәмамдап, бүгінде тек сахнада ғана емес, білім саласында да белсенді қызмет атқарып, профессор дәрежесіне жеткен.

Әншінің басты ерекшелігі – оның лирикалық сопрано дауысы. Репертуарында халық әндері, романстар және джаз бағытындағы туындылар бар. Мұндай жанрлық әртүрлілік оның шығармашылығын байытып, тыңдарманның кең аудиториясын баурап алды.

Бүгінде Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасының "примадоннасы", тіпті "Орта Азияның бұлбұлы" ретінде танылып отыр. Оның концерттері әлі де аншлагпен өтіп, көрермен тарапынан жоғары сұранысқа ие.

Айта кетейік, әнші тек өнерімен ғана емес, әзілқой мінезімен де көпшілікке жақын. Мәселен, ол бір тойда Тұрсынбек Қабатовқа қалжың айтып, жиналған қауымды күлкіге бөлеген болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу