freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Нағашы ауылым қара жамылды": Дана Нұржігіт қайғылы хабарды естіртті (ВИДЕО)

Қоғам
"Нағашы ауылым қара жамылды": Дана Нұржігіт қайғылы хабарды естіртті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден. Суретте: Дана Нұржігіт

Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында нағашы ағасы Хасан Ормановтың дүниеден өткенін айтып, жүрек тебірентер жазба жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жазбасында ол марқұм нағашысының балалық шағымен тығыз байланысты жан болғанын еске алды. Дана Нұржігіт оның әскерден оралып, отбасын құрғанын, кейін атасының қара шаңырағын ұстап қалғанын және ауыл ішінде қадірлі, сыйлы азаматқа айналғанын атап өтті.

"Хасан нағашым… балалығымның куәсі… әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке шыққанына бір ай ғана болған еді…

5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп… Соңғы көрген қуанышы екен ғой!" – деп жазды ол.

Журналист нағашы ағасына деген қимастық сезімін білдіріп, марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Нағашы ауылым қара жамылды… Кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, мауқымды басам?! Диханкөл ауылының жұртын өнерімен сусындатқан аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын!Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып көңіл айтамын! Алдыңнан жарылқасын, Хасеке!" – деді Дана Нұржігіт.

Бұған дейін тележүргізуші Дана Нұржігіт ұлының туған күніне орай жүрек тебірентер жазба жариялап, баласының "Әлім" есімінің қойылу тарихын айтып берген еді. Сондай-ақ ол актриса Меруерт Өтекешованың Майя Бекбаеваға берген сұхбатына қатысты өз ойын білдірген. Журналист сұхбатты көргеннен кейінгі әсерін жасырмай, өнер иесінің қазіргі жағдайы жүрегіне ауыр тигенін айтқан болатын. Сонымен қатар Дана Нұржігіт актриса Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйлаған продюсер Баян Мақсатқызы мен Алагөзовтер отбасы туралы әсерлі жазба жариялаған еді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу