"Қазгидромет" 2025 жылдың 15 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды Malim.kz.
Синоптиктердің болжамынша, Астана, Шымкент қалаларында және 15 өңірде қауіпті ауа райы құбылыстары тіркеледі.
Астана – түнде және таңертең тұман.
Шымкент – күндіз найзағай, солтүстік-батыстан соққан жел 15–20 м/с, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы – күндіз найзағай, бұршақ, шквал, жел 15–20 м/с дейін. Жезқазғанда – найзағай, бұршақ, қатты жел.
Қарағанды облысы – найзағай, бұршақ, шквал, түнде және таңертең тұман, солтүстік пен шығыста -2° дейін үсік.
Түркістан облысы – найзағай, бұршақ, шквал, жел 20 м/с дейін, өрт қаупі жоғары.
Ақмола облысы – түнде тұман, -1° дейін үсік.
Атырау облысы – төтенше өрт қаупі.
Жетісу облысы – түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман, шығыста жел 15–20 м/с.
Ақтөбе облысы – күндіз найзағай, желдің екпіні 18 м/с дейін, өрт қаупі жоғары.
Батыс Қазақстан облысы – шығыста өрт қаупі жоғары, батыс пен оңтүстікте – төтенше.
Жамбыл облысы – найзағай, бұршақ, шквал, жел 20 м/с дейін.
Абай облысы – тұман, түнде -2° дейін үсік.
Шығыс Қазақстан облысы – тұман, түнде -3° дейін үсік. Өскеменде НМУ-2 жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысы – тұман, түнде -1° дейін үсік.
Павлодар облысы – тұман, түнде -3° дейін үсік.
Қостанай облысы – найзағай, тұман, жел 20 м/с дейін, кей жерлерде -1° үсік.
Маңғыстау облысы – түнде күшті жаңбыр, найзағай, тұман. Кей өңірлерде төтенше өрт қаупі.
Мамандар тұрғындарды ауа райы жағдайын қадағалап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Фото: freepik.com