Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Наурыз айынан бастап пойыз билеті қымбаттайды

Экономика
Наурыз айынан бастап пойыз билеті қымбаттайды

Ұлттық тасымалдаушы 1 наурыздан бастап пойыз билетінің құны 7 пайызға өсетінін мәлім етті, деп хабарлайды Malim.kz Rail-news.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәлімдегендей, жол ақының көтерілуі «Қазақстан Республикасындағы теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 12-тарауы, 94-бабының 2-тармағына сәйкес іске асырылмақ.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2025 жылғы 1 наурыздан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық маршруттар мен кейбір қала маңы пойыздарына жол жүру тарифінің шекті деңгейінің өзгеретінін хабарлайды. Бұл өзгеріс жоспарлы индекстеу аясында, жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын ұзақ мерзімді субсидиялау шарттарына сәйкес 7% мөлшерінде жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Фото: «Жолаушылар тасымалы» АҚ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу