freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Непал мен Тибеттегі су тасқыны: Қаза тапқандар саны 768-ге жетті

Әлем
Непал мен Тибеттегі су тасқыны: Қаза тапқандар саны 768-ге жетті
Фото: DW / AP photo

Непал мен Тибеттегі жойқын су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 768 адамға жетті, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Непал құтқарушыларының мәліметінше, елде кемінде 752 адам қаза тауып, 2502 адам хабар-ошарсыз кеткен. Ал Қытай билігі Тибет автономиялық ауданында алғаш рет құрбандар туралы мәлімет жариялады. Онда 16 адам қаза тауып, 546 адам із-түзсіз жоғалған. Бұл деректер әлі де нақтыланып жатыр.

Апат аймағында шетел азаматтары да бар. Германияның кемінде 12 азаматының тағдыры белгісіз. Сонымен қатар Испания, Нидерланд, Португалия, Франция, АҚШ және Австралия азаматтарынан да хабар жоқ. Бұған дейін Непалда 64 украиналық пен 8 ресейліктің жоғалғаны хабарланған.

Непалда салынып жатқан және жөнделіп жатқан су электр станцияларында жұмыс істеген 933 адамның да тағдыры белгісіз. Құтқарушылар олардың шамамен 100-і туннельдердің бірінде тірі қалып, қамалып отырған болуы мүмкін деп болжап отыр.

Құтқару жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде. Алайда ауа райының нашарлауы операцияны қиындатып жатыр.

Табиғи апат 26 тамызда Тибетпен шектесетін Непалдың Расува ауданындағы таулы жерде алып мұздықтың опырылуынан кейін болған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу