Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

Оқиға
Алматыда бөгде ер адам әйелге шабуыл жасады

Алматыдағы  тұрғын үйлердің бірінде ер адам әйелге шабуыл жасаған. Оқиға  видеоға түсіп қалған.  Жігіттің әрекеті желі қолданушыларының ашуын тудырды.  

Оқиға 6 қарашада сағат 23:30 шамасында Алматыдағы тұрғын үйде  болған.  Бейнебақылау камерасына түскен кадрларда кіреберісте тұрған ер адамның сырттан кірген қыздың артынан еріп, күтпеген жерден шабуыл жасағанын көруге болады. Ол қызды құлатып, баспалдақтан төмен қарай сыртқы есіке дейін жармасып барады.

Шабуыл кезінде қыз барынша ер адамның қолынан сытылып шығуға тырысады және соңында қашып құтылады.

Алматының құқық қорғау органдары оқиға дерегін растап, тергеуді бастады. Полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталып, қамауға алынғанын хабарлады.

«Бұл факт бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіледі», - делінген хабарламада.

Фото: видеодан скриншот

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу