Ақтауда ұшақ құлап, өртеніп кетті
Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан ұшақ Ақтауда құлады, деп хабарлайды Malim.kz
Баку-Грозный бағытында ұшып келе жатқан AHY8243 нөмірлі ұшақ құлады. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақта 67 адам болған.
Оқиғаға байланысты ТЖМ мәлімдеме жасады.
"Ақтауға ұшақ апат болған жерге Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамынан 52 адам және 11 техника келді. Құтқару бөлімшесі өртті сөндіруге кірісті. Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда, аман қалғандар туралы ақпарат алдын-ала хабарланады",-деп хабарлады ТЖМ.
Фото: видеодан скрин