"Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды

Сұлу Бөлек

  • 13.05.2025

Түркияда "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды, - деп хабарлайды Мalim.kz тілшісі.

2019 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Түркияның Әділет министрлігіне халықаралық іздеуде жүрген "Астана LRT" ЖШС-нің бұрынғы басшысы, Қазақстан азаматы Талғат Арданды ұстап беру туралы сұрау жіберген болатын.

"Осыған байланысты Түркия Республикасының құзырлы органдары тиісті іздестіру шараларын жүргізген. Биыл ҰҚК оның нақты болған жерін анықтап, кейін Түркияның құқық қорғау органдары Анталья қаласында ұстады", - делінген хабарламада. 

Биыл 9 мамырда Анталья қаласының соты Талғат Арданды Қазақстанға депортациялау туралы шешім қабылдады және ол қазіргі уақытта қамауда.

Қазақстанның құзыретті органдары аталған адамды Қазақстанға қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді бастады.

Еске салайық, былтыр 11 қарашада Талғат Ардан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сырттай кінәлі деп танылған болатын. Ол бұған дейін өткен мамырда тағы бір рет сотталған. Оны сот шетелде қашып жүрсе де, сырттай 9 жылға бас бостандығынан айырған.

Фото: youtube.com/@astanalrt7686

Байланысты жаналықтар

“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

14.05.2025

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

13.05.2025

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

10.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

09.05.2025

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты

09.05.2025
MalimBlocks
“Көз тиюден” арыламын деген сатушы алаяққа тап болды

Астанадағы «Шанхай» базарындағы өрт сөндірілді

Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Үш қазақ балуаны Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды

Екі спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.

Ғұсман Қырғызбаев әлемдік Grand Slam турнирінің финалына шықты