Балабақшада 3 жасар қыздың денесін көгерткен. Тергеу басталды

Баланың бақшаға барғанына небәрі үш-ақ күн болған 

Malim Админ

  • 19.08.2024

Атыраудағы балабақшалардың бірінде 3 жасар қыздың денесі көгерген. 
Анасының айтуынша, қызының Атырау қаласының «Нұрсая» шағын ауданында орналасқан «Жанбота» бөбекжай балабақшасына барғанына үш күн болған. 


«13 тамызда түскі мезгілде қызымның маңдайы көгергенін, ауызы іскенін көрдім. Күтушісі «секіріп ойнап жүріп, құлап қалды. Тәрбиеші шығып кетіп еді» дейді. Тобында 35 бала бар. Айтатын нәрсе көп, бірақ, қызыма қатысты жайтты баяндаймын. Тәрбиешісі өз қызымен алысып жүреді», - деп жазды анасы әлеуметтік желіге.
Оның дерегіне қарағанда, балабақшадағы жайтты 17 тамыз күні камерадан көрген. Камераға балабақша қызметкерінің кішкентай қызды итеріп жібергені түсіп қалған. 
«Қызымды сабағаны туралы тәрбиешісіне айтып, күтушісінің телефон нөмірін сұрадым. Күтуші телефонын көтермеді. Тәрбиешісі WhatsApp желісіне жазғанымды оқып отыр. Қызым күні -түні жылайды. Сол күні түнде құсты. Бірақ адаптация шығар деп мән бермедім. Маңдайы қатты көгеріп, рентгенге түсірдім», - дейді анасы. 
Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, балабақшадағы оқиғаға байланысты тергеу басталды. 

Фото: alataugazeti.kz

Байланысты жаналықтар

Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

18.05.2025

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

18.05.2025

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

17.05.2025

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

16.05.2025

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

15.05.2025

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

13.05.2025
MalimBlocks
Режиссер Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізілмейді - Антикор

Атырауда блогер алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Жалған тіркеу схемасы әшкереленді: Маңғыстауда 75 төлқұжат пен мөр табылды

Полиция туыстарына естіртпей адам жерлегені үшін айыппұл төлейтін болды

Видеоны таратамыз деп қорқытқан: ШҚО-да полицейлер сотталды

ШҚО-да полицейлер ақша бопсалағаны үшін сотталды

Интернет алаяқтық: елордалықтар 1 млрд теңгесінен айырылды

3 қылмыстық топ әшкереленді