Балам жеткен адамның жағасына жабысып, қол көтерген емес - Шерзаттың әжесі

Марқұм Шерзат Полаттың әжесі Жұмабике Қадырова оқиға күні не болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Жұмабике Қадырова сот кезінде сотталушыларды бұрын білмегенін айтты.
«2024 жылы 4 қазанда сағат 23:00 кезінде жұмыстан келген едім. Жұмысым таңғы 10-нан кешкі 10-ға дейін. Шай ішіп отырған кезде келінім қоңырау келді. Сөйтсек, ол Қаржаубайдан екен. «Шерзат біреуді ұрды, Нұрқанатты оятып жібер» деді. Келінім оны оятты. Тыныш дегенімен, ондай емес екенін білдім. Шерзат менің қолымда тәрбиеленген немерем болған соң, шай да, тамақ та маңызды болған жоқ. Келініме тездетіп жүгіріп барайық дедік. Такси тоқтатам дегенше 20 минуттай өтті ғой деймін. Таксимен дүкенге бардық. Барсақ, екі жерде балалар топтасып тұр екен. Таксиден түсіп жан-жақтан Қаржаубайды да, Нұрқанатты да емес, Шерзатты іздедім. Ол көрінбеді. Ол жерге барған себебім – балалар жинала ма деп ойлаған жоқпын. Біреуді ұрса, барып кешірім сұрайын дедім. Балам біреуге қол көтереті бала емес еді. Боксқа қатысса да, біреудің жағасына жармаспайтын. Біреулер пышақпен, мылтықпен келетінін білсем, үйімде-ақ полиция мен жедел жәрдем шақыратын едім», - дейді әжесі.
Жұмабике Қадырованың айтуынша, Абзал Шынасыл әжені итеріп қалған кезде ол құлап қалған.
«Бәрін басынан бастап еске түсіру де, өлтірген балалардың түрін көру де, қорғашулыраын да көру оңай емес. Осы жерге келгенде қол-аяғым қалтырап кетеді», – деді Жұмабике Қадырова.
Жұмабике Қадырова оқиға түні 15 адам болғанын айтты. Олар қылмыстан кейін көлікке мініп, кетіп қалған.
Оқиға туралы не белгілі?
2024 жылы 4 қазанда Алматы облысында жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.
Фото: Видео кадры
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
