457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Батыс Қазақстанда 20 адам суға батып кеткен

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 20 адам суға батып кеткен. 


БҚО ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Бақытжан Ихсановтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде үшеуі (Орал қаласы — 1, Бәйтерек ауданы — 2) — кәмелетке толмағандар.

Бақытжан Мағзомұлының сөзіне қарағанда, 10 оқиға (үшеуі — бала) шомылу кезінде болды.

Биыл суға кеткендер саны едәуір көбейіп отыр. Айталық, өткен жылы осы себептен барлығы 16 адам көз жұмса, соның алтауы — балалар. Соның ішінде 14 оқиға (4 бала) шомылу маусымы кезінде болған. Жыл басынан бері су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 412-бабына сәйкес 54 адам және 3 заңды тұлға жауапкершілікке тартылып, оларға 814 мың 374 теңге айыппұл салынды, — деді Бақытжан Ихсанов.

Батыс Қазақстан облысында соңғы күндері күн қатты ысып тұр. Айталық, 10 шілдеде күннің 35-38 градусқа дейін ысып, өрт қаупі күшейетіні туралы ескерту жарияланды.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, 9 шілде күні Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында қайғылы оқиға болды. 6-сыныпты бітірген бала суға кетіп қалды.

Фото: ШҚО ТЖД