Көлік министрлігіндегі комиссия ұшақ апаты болған оқиға орнына барады

Бүгінде Ақтауға 17 халықаралық сарапшы келген

Мәди Саматұлы

  • 29.12.2024

Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша құрылған Көлік министрлігіндегі комиссия жұмыс жоспарын нақтылады. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік министрлігінің мәлімдеуінше, әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі.

Көлік министрлігі комиссиясының басты мақсаты — авиациялық оқиғаның себебін анықтап, болашақта осындай жағдайды алдын алып, болдырмау үшін ұсыныстар әзірлеу.

Бүгін Марат Қарабаевтың төрағалығымен штабта барлық 17 халықаралық сарапшының қатысуымен жиналыс өтті.

Бұған дейін Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес бүгін, 29 желтоқсанда Ақтау қаласына арнайы бақылаушы — авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон ұшып келген еді.

Бүгінгі таңда 17 халықаралық сарапшының барлығы Ақтау қаласында.

Фото: Көлік министрлігі

Байланысты жаналықтар

Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

06.05.2025

Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

05.05.2025

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

04.05.2025

АҚШ Украинаға F-16 ұшақтарына арналған жаңа көмек пакетін мақұлдады

03.05.2025

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

29.04.2025

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды

27.04.2025
MalimBlocks
Ақтау көшелерінде аш жүрген жыртқыш байқалды 

Алматы әуежайында ішкі рейстер кешікті

Рейстер орта есеппен жарты сағатқа кешіккен

Ақтауда су арнасынан өлі шаяндар табылды

АҚШ Украинаға F-16 ұшақтарына арналған жаңа көмек пакетін мақұлдады

Ақтауда киімін далаға ілген әйел айыппұл арқалады

"Титаник" апатынан аман қалған жолаушының хаты 205 млн теңгеге сатылды