Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Сұлу Бөлек

  • 16.04.2025

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Бұған дейін адвокат Закир Асадов зардап шеккен ер адамға күдіктінің туыстары тарапынан қысым жасалып жатқанын, тіпті ауруханаға келіп жатқанын айтқан. Ол істі адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қайта саралап, басқа өңірге беруді талап еткен.

ІІМ не дейді?
Министрліктің мәліметінше, қазір іс ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі бойынша тергеліп жатыр. Бұл – суық қару қолданылған бұзақылық. Бұл бап бойынша жаза – 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Қылмыстық іс Жамбыл облысы Полиция департаментінің тергеу басқармасы өндірісіне қабылданған. Тергеуді жедел жүргізу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылған.

"Күдіктінің әрекетін қайта саралау мәселесі тергеу амалдары аяқталғаннан кейін және қадағалау органымен келісілген соң қаралады. Сонымен қатар, адвокаттың өтініші бойынша зардап шеккен азаматқа полиция қызметкерлерінен қорғау қамтамасыз етілді", – делінген ІІМ хабарламасында.

Айта кетейік, бұл іс Ішкі істер министрінің тікелей бақылауында.

Оқиға туралы қысқаша:
Бұған дейін Жамбыл облысындағы жанармай құю станциясында мотоциклист пышақталғаны хабарланған. Желіде тараған видеода мотоциклисттің жанармай құюға бет алғаны, ал оның артынан бір ер адам еріп бара жатқаны байқалады. Бір сәтте әлгі адам қалтасынан пышақ тәрізді затты шығарып, бірнеше рет соққы жасайды.

Видеоға қарағанда, олардың арасында бұған дейін жанжал болған. Бірақ шабуыл жасаушының әрекетін зардап шегуші күткен жоқ. Кейін күдікті ақ түсті көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған. Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 32 жастағы ер адам пышақ жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

"2024 жылғы 13 сәуір, 16:10-да Меркен аудандық орталық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілді. Диагноз: оң жақ кеуде және бел тұсынан пышақ жарақаты. Алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тігіс салынды", – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі.

Кейін науқастың амбулаториялық емдеуге жіберілгені хабарланды.

Фото: Видеодан алынған кадр 

Байланысты жаналықтар

Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

18.05.2025

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

16.05.2025

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

08.05.2025

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

08.05.2025

Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады

07.05.2025
MalimBlocks
Ресей Украинаға 200-ден аса дронмен шабуыл жасады

Министр қыз алып қашқандарды 7 жылға дейін соттауды қолдады

Израильдің Газаға жасаған шабуылынан 10 палестин азаматы қаза тапты

Үндістан мен Пәкістандағы қазақстандықтар эвакуациялана ма? СІМ жауабы

Үндістанның Пәкістанға жасаған әуе шабуылынан 31 адам қаза тапты

Үндістан Пәкістанға шабуыл жасады