Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» басшылығынан кетті

Оқиға
Нұрәлі Әлиев «Транстелеком» басшылығынан кетті

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәли Әлиев «Транстелеком» АҚ Директорлар кеңесінің басқарма төрағасы қызметінен кеткенін мәлімдеді. Жұмыстан кету себебін ол Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында 12 ақпанға қараған түні жазды.


Экс-сенатор Дариға Назарбаева мен марқұм Рахат Әлиевтің ұлы ұзақ уақыт істеген орыннан кетуіне компанияның сатылуы себеп болғанын айтты.

«Транстелекомның» сатылуына байланысты мен он жылдан аса жұмыс істеген компанияның акционерлер құрамынан шығып, директорлар кеңесінің басқарма төрағасы қызметінен кету туралы шешім қабылдадым. Жеке басыма да, керемет даму жолынан өткен компания үшін де маңызды кезең болды, – деп жазды Әлиев.

40 жастағы Нұрәли «Транстелекомға» 2013 жылы, яғни 29 жасында президент болып келген. Ол өзі басқарған жылдары компанияның таза табысы 290%-ға, яғни 4,8 млрд теңгеден 18,7 млрд теңгеге дейін өскені туралы есеп берді.

Әлиев осы қызметтен кеткеннен кейін, немен шұғылданатыны, сонымен бірге «Транстелекомды» кім сатып алатыны туралы да ештеңе жазбады.

Фото: ашық дереккөз  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу