"Оқ атты": Белгілі кәсіпкер Айбек Барысов үндеу жасады

Арман Қайыпхан

  • 23.10.2024

Әлеуметтік желіге белгілі кәсіпкер, елде бронимашина шығаратын зауытымен танымал Айбек Барысов бейнкүндеу жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ассалаумағалейкүм, достар! Мен осы рилсті жазайын деп шешім қабылдадым. Өйткені Қазақстанда көп өсек болып жатыр дейді. Қоңырау шалып, жазып жатыр. Өткенде сториске алдыңғы терезеге оқ тигенін жазып едім ғой. «Содан қорқып қашып кеттің бе» дейді. Жоқ! Бұл жоспарлаған демалыс. Жұмыс сапары. Мен жұмыс сапарымен жүрмін отбасыммен. Екі ай бұрын жоспарлап, бәрін сатып алып қойғанбыз. Сол үшін келдік. Мен ешқашан қашпаймын. Аллаға шүкір. 24-де өз еліме қайтам. Нақты сұрақтар нақты адамдарға бар. Жауаптары болмаса шекелеріне шегелейтіндей жағдай болып тұр. Сол үшін ассалаумағалейкүм! Барыс ешкімнен қорықпайды, жігіттер!» - дейді Айбек Барысов.

Айбек Барысов Қазақстандағы қорғаныс өнеркәсібі кешені кәсіпорындары қауымдастығының төрағасы. Kazakhstan Paramount Engineering компаниясының негізін қалаушы. Бір кездері «Alliance group» компаниясын басқарған. Оның зауыты Қазақстанда бронимашина шығарады.

Фото: видеодан кадр

Байланысты жаналықтар

Пәкістан мен Үндістан атысты тоқтату мерзімін екі күнге ұзартты

16.05.2025

Бішкекте қазақ кәсіпкері Ерқанат Жұмабековке іздеу жарияланды

15.05.2025

Ливияда қақтығыс болып, қауіпсіздік қызметінің басшысы қаза тапты

13.05.2025

Руслан Берденов отадан кейін алғаш рет ел алдына шықты

12.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату туралы келісімді растады

11.05.2025

Үндістан мен Пәкістан атысты тоқтату жөнінде келісімге келді - Трамп

10.05.2025
MalimBlocks