Отадан кейін қар тазалаған. Үш баланың анасы қайтыс болды

Тергеу жұмыстары басталды

Malim Админ

  • 31.01.2025

31 жастағы ана 27 қаңтарда сегіз апталық баласынан айрылып, келесі күні өзі көз жұмды, - деп хабарлайды Malim.kz.


Nayza Kokshe мәліметінше, 31 жастағы үш баланың анасы 27 қаңтарда аудандық ауруханаға қан кету диагнозымен түскен. Жүктіліктің тоқтап қалуына байланысты оған ота жасалды.

Үйінде кішкентай балалары бар әйел, ауруханада ұзақ жатудан бас тартты. Дәрігерлердің айтуынша, осы күндері олар әйелмен байланыста болған, ол денсаулығына байланысты ешқандай шағым айтпаған. Ал 29 қаңтарда әйел қар тазалауға шыққаннан кейін жедел жәрдеммен Есіл аудандық ауруханасына жеткізілді. Оған ішкі ағзаларына қанның кетуіне байланысты операция жасалғанымен, құтқару мүмкін болмады.

Ақмола облысының Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты тергеу басталғанын хабарлады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 27 қаңтарда марқұм аудандық аурухананың гинекология бөлімшесіне түскен, оған операция жасалған. Сол күні өз қалауы бойынша үйіне жіберілген, бірақ 29 қаңтарда жедел жәрдем көлігімен ауруханаға кетіп бара жатып, қайтыс болды,- деп хабарлады департамент.

Материалдар Денсаулық сақтау министрлігіне тексеруге жолданды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

16.04.2025

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

16.04.2025

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

15.04.2025

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

15.04.2025

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

15.04.2025

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

15.04.2025
MalimBlocks
Абай облысында үш адамды су тасқыны алып кетті

Мотоцикл жүргізушісі шабуылға ұшырады: полиция жәбірленушіні күзететін болды

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы жанармай құю бекетінде болған оқиғаға қатысты Ішкі істер органдары қылмыстық істі тергеп жатыр

Алматыда сауда орталығы маңында өрт шықты

Желіде Алатау ауданындағы "Алатау" сауда орталығы маңында қою түтін бейнеленген видео тарады. Алдын ала мәлімет бойынша, Самғау шағынауданында қойма өртеніп жатыр

Суықта киімсіз далада ұстаған: қарияларға қатыгездік көрсеткен қызметкер ұсталды

Ақсуда пансионат қызметкері​​​​​​​ қарияларға қатыгездік көрсеткен

Семейде теміржолдан өтпек болған тұрғынды пойыз басып кетті

Оқиға 14 сәуірде «Жансая» базарының маңындағы теміржол өткелінде болған

Алматыда кілт тоқтаған аттракционға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматыда полицейлер саябақтағы оқыс оқиғаға қатысты тексеріс бастады