Қазақстандық ұшақ Әзербайжанда шұғыл қонуға мәжбүр болды

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды,

Сұлу Бөлек

  • 24.03.2025

Air Astana әуекомпаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев атындағы халықаралық әуежайға шұғыл қонуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі media.az-ға сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, бұған борттағы жолаушылардың бірінің денсаулығының күрт нашарлауы себеп болған.

Бакуде жолаушыға дереу медициналық көмек көрсетіліп, ол жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Кейіннен толық медициналық тексеру үшін қала ауруханаларының біріне жеткізілді. Осыған байланысты рейстің ұшуы кешіктірілді. Қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.

"Air Astana әуекомпаниясының 23 наурызда КС 140 рейсі Тбилиси – Алматы бағыты бойынша ұшып бара жатып, жолаушының денсаулығы нашарлауына байланысты Баку әуежайына қонуға мәжбүр болды. Жолаушы жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды. Экипаждың жұмыс уақыты аяқталғандықтан, рейстің ұшуы 24 наурызға, жергілікті уақыт бойынша 13:40-қа шегерілді. Жолаушыларға қонақүйге трансфер, тұру және тамақтану қызметтері ұсынылды", – деп хабарлады Air Astana өкілдері.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

16.05.2025

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

16.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

12.05.2025

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

12.05.2025

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

11.05.2025
MalimBlocks
СҚО колониясында жазасын өтеушілер өзін жарақаттады

Ата-аналар 15 адам өзін жарақаттағанын айтып отыр

Шерзат ісі: айыпталушылардың бірі өтірік айтқанын мойындады

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Өзеннен арқан арқылы өтпек болған адам суға құлап жоғалды

Атырау облысында оқушылар екі жасөспірімді қатыгездікпен ұрып-соққан

Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған 6 жастағы баланың мәйіті табылды

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды