457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанның актерлері АҚШ-та жол апатына түскен адамды құтқарды

Қазақ актері Саннұржан Сүлеймен, режиссер әрі продюсер Еркен Ялгашев, дыбыс режиссері Думан және актриса Айдана Сахари АҚШ-та жол апатына ұшыраған америкалық жүргізушіні құтқарып қалды. Бұл туралы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап Malim.kz хабарлайды. 


Оқиға Лос-Анджелес маңында болған. Қазақстанның кино түсіретін тобы жол-көлік оқиғасының болғанын көрген.

Америкалық жүргізуші көлікті басқара алмай, үлкен жылдамдықпен жол жиегінен шығып кетіп, орман ішіндегі терең жарға құлап, ағаштарға соғылған соң көлігі өртеніп кеткен.

Еркен Ялгашев бірден 911 құтқару қызметіне қоңырау шалған. Ал Саннұржан еш ойланбастан көлікке қарай жүгіріп барып, жанып жатқан көліктің ішінен жүргізушіні алып шыққан. Ол бұл әрекетімен өз өмірін қатерге тікті, себебі көлік кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін еді. Актердің ерлігінің арқасында ер адам аман қалды.

Салмағы ауыр жүргізушіні 15 метрлік терең жардан шығару үшін Саннұржан, Еркен, Думан және екі мексикалық азаматтың көмегі қажет болды.

Кейін оқиға орнына жедел жәрдем қызметі келіп, зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті. Ол жеңіл жарақаттар алғанымен, денесінің біраз бөлігін ауыр күйік шалған.

Айта кетейік, 27 жастағы Саннұржан Сүлеймен қазақстандық көрермендерге Ақан Сатаевтың «Районы» фильміндегі рөлі арқылы танымал. Сондай-ақ ол «Рэкетир-2» және «Бизнесмены» фильмдерінде эпизодтық рөлдерде ойнаған.

Фото: Еркен Ялгашевтің жеке мұрағатынан