Қостанай облысында төрт адам газдан уланып, қаза тапты

Мерт болғандардың арасында үш бала мен ер адам бар

Malim Админ

  • 18.11.2024

Жан күйзелтер оқиға Қостанай облысы Амангелді ауданы Қарынсалды ауылында болды. Құтқарушылар келген бойда төрт адамның мәйітін тапты. Қаза тапқандардың арасында үш бала мен ер адам бар.


Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті 17 қарашада 112 пультіне Амангелді ауданы, Қарынсалды ауылында жеке тұрғын үйде, алдын ала мәлімет бойынша 6 адам көмірқышқыл газынан зардап шеккені туралы хабарлама түскен.

– Оқиға орнында 1957 жылы туған ер адам мен 2016, 2021, 2022 жылы туған үш баланың мәйіттері табылды. Тағы екі зардап шегуші шұғыл түрде Арқалық қаласының ауруханасына жатқызылды, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», - делінген хабарламада.

Қазір онда құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, төтенше жағдайлар қызметінің басшылығы мен жедел топ оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 6 қараша күні Амангелді ауданында жылу қазандығы жарылып, бір адам қайтыс болған еді. Күні кеше ғана Астанада екі қабатты үйде өрт шығып, 4 бала көз жұмды.

Фото: Ашық дереккөз 

Байланысты жаналықтар

Қостанай облысындағы ауылдардан 100 мың адам көшіп кеткен

21.10.2024

Қостанай облысында 12 мектеп жабылды

22.08.2024

Интернет алаяқтар қостанайлық азаматтардың 53 млн теңгесін жымқырған

20.08.2024

Архимед жұмыс істеу үшін апат болу керек пе?!  

06.09.2022
MalimBlocks
Қостанай облысындағы ауылдардан 100 мың адам көшіп кеткен

270 ауыл 20 жылда жабылып қалған

Қостанай облысында 12 мектеп жабылды

Мектептерде бала саны бесеуден кем болмауы керек

Интернет алаяқтар қостанайлық азаматтардың 53 млн теңгесін жымқырған

Сендіру үшін жалған аудио, бейнежазбалар жібереді

Архимед жұмыс істеу үшін апат болу керек пе?!  

4  адамның қаза тапқаны белгілі болды