Шерзат Болаттың ісі: Күдіктілер ұстаған қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр
Оқиға орнына қаруды кім әкелгені әлі белгісіз болып тұр

Талдықорғанда Шерзат Болаттың өліміне қатысты сотта қарудың қайдан шыққаны анықталып жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Сот процесінде басты назарға іліккен мәселелердің бірі — мылтықтың қайдан шыққаны.
Сот отырысы барысында айыпталушылардың қорғаушылары тараптар арасында қаруды кім әкелгені жөнінде келіспеушілік бар екенін жеткізді.
Қазіргі кезеңде нақты кімнің қару әкелгенін анықтап айту қиын. Бұл мәселе сот аясында зерттеліп жатыр, — деді адвокат Мейірман Шекеев.
Сонымен қатар ол Дархан Аскентайдың мылтықты дүкеннен алып шыққаны туралы тараған ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, ІІМ ұсынған бейнебақылау жазбаларында Аскентайдың қолында ешқандай қару байқалмайды.
Бұған дейін куәгерлер төбелес басталмай тұрып оқ атылғанын айтқанымен, қазіргі уақытта кімнің қару қолданғаны нақты анықталмаған.
Фото: t.me/Jogargy_sot