457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымкент зообағында жасөспірім түйеқұсты тепкен - видео

Шымкент зообағында түйеқұсты тепкен адамның кім екені анықталды, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі "Отырар" басылымына сілтеме жасап.

Тәртіп бұзған адам жасөспірім екені айтылды. Ол зоопарк ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

"Құқықбұзушы – кәмелетке толмаған жасөспірім екені анықталды. Ол ата-анасының қатысуымен түсініктеме жазды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады полиция өкілдері.

Еске салайық, 25 мамырда Шымкент зоопаркінде жануарларға қатыгездік көрсету дерегі тіркелген болатын.

Зоопарк әкімшілігінің мәліметінше, шамамен сағат 18:00-де келушілердің бірі қоршаудан асып өтіп, түйеқұсты теуіп, басқа жануарларды әдейі үркіткен. Оқиғаны басқа келушілердің бірі видеоға түсіріп алған. Бұл кадрлар әлеуметтік желіде кең талқыланды. 

Фото: видео кадры