Жамбыл облысындағы кен орнында жұмысшы қаза тапты

Арман Қайыпхан

  • 23.09.2024

"Алтыналмас" компаниясының басшылығы 18 қыркүйекте "Ақбақай" жерасты тау-кен жұмыстары учаскесінде болған жазатайым оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, жұмысшының қаза болғанын растады, деп хабарлайды Malim.kz.

Компанияның мәліметіне сәйкес, күтім жасау және жөндеу слесарі Нұрдәулет Жексенұлы Нұрмаханов кенеттен қайтыс болған.

"Алтыналмас АК" АҚ марқұмның туыстары мен жақындары, бірге жұмыс істеген әріптестеріне көңіл айтты.

Нұрдәулет Жексенұлы 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Алтыналмас АК" АҚ "Ақбақай" тау-кен байыту кешенінің жылжымалы және стационарлық жабдықтарына күтім жасау және жөндеу учаскесінде сорғы қондырғыларының машинисі болып жұмыс істеді. 2017 жылы жабдыққа техникалық күтім жасау және жөндеу слесарі болып тағайындалды. Ұжымда беделді, жұмыста бірбеткей мінезді болып, жауапкершілік пен кәсіби шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Жұмыс барысында өзін жоғары білікті маман ретінде танытты, - делінген компанияның ақпаратында.

Сонымен қатар "Алтыналмас АК" АҚ оқиғадан кейін бірден жұмыс тобы құрылған. Арнайы комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтайды.

Компания қаза тапқан қызметкердің отбасына материалдық көмек көрсетеді және тиісті төлемдер бойынша өзінің барлық міндеттемелерін орындаймыз деп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін шахтадағы жарылыстан жұмысшы үйінді астында қалып қойғаны туралы жазған едік.

Фото: altynalmas.kz

Байланысты жаналықтар

«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

09.05.2025

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

06.05.2025

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

30.04.2025

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

27.04.2025

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

26.04.2025

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты

25.04.2025
MalimBlocks
«Жер қойнына тапсырдық»: Өмірқұл Айниязов көпшілікке суыт хабар айтты

Өнер иесі әкесін соңғы сапарға шығарып салғанын жеткізді

Жамбылдағы қызғалдақтар фестивалінде шу шықты

Қонақтар 10 шақырым жаяу жүрген

Нұралы Әлиевтің әжесі өмірден өтті

Ол әжесіне арнап жазба жариялады.

Иранда жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Иранда жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Тоқаев Иран президентіне көңіл айтты

Мәскеуде Ресей Қарулы Күштерінің генералы автокөлік жарылысынан қаза тапты