Жол апатынан 7 адам көз жұмды
Мерт болғандар арасында екі жасар бала бар
Жамбыл облысында жол-көлік апаты салдарынан 7 адам көз жұмды. Оның ішінде 2 жасар бала бар. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова айтты.
«16 қыркүйекте сағат 18:30 шамасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолдың 526 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Cadillac Escalade көлігінің жүргізушісі алдыңғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығып кетуі салдарынан қарама-қарсы келе жатқан DAF жүк көлігімен соқтығысып қалған. Соның салдарынан Cadillac Escalade қайта өз жолағына түсіп, Газель көлігіне қағылған. Жол апатынан кейін екі көлік те бірден өртеніп кетті. Оқиға орнында 37 жастағы Газель жүргізушісі мен 30 жастағы Cadillac Escalade жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде екі жасар бала бар», - деді ол Жамбыл облысты ПД-ның Facebook парақшасында жарияланған видеода.
ПД өкілінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Фото: Kazinform