Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Он күннен асып кетті. Жетісуда жоғалған үш жасар бала табылмай жатыр

Оқиға
Он күннен асып кетті. Жетісуда жоғалған үш жасар бала табылмай жатыр

Жетісу облысының Көксу кентінде Алдияр Тоқанды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы BaigeNews.kz хабарлады.

Үш жасар бала 7 қыркүйек күні сағат 10.00 шамасында үйінің ауласынан жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен. Іздеу жұмыстарына 400-ден астам адам кірісті, оның ішінде полицейлер, құтқарушылар, ауыл тұрғындары мен еріктілер де бар.

Баланың жоғалып кеткеніне 10 күннен асты. Бірақ ата-анасы оның тірі екеніне, аман-есен табылатынына сенімді. Алдияр туралы қандай да бір ақпарат үшін сыйақы ұсынуға дайын.

Іздеу жұмыстары Мұқаншы өзенінің бойында, сондай-ақ құтқару қайықтары арқылы судың ішінде де жүргізілді. Жақын маңдағы елді мекендер, фермалар тексеріліп, жергілікті тұрғындардан ақпарат алынды. Қауіпті нысандар да қаралды – кәріз және техникалық құдықтар, қоқыс төгетін ор, жертөлелер мен үй шатырлары, құрылыстар мен қараусыз қалған ғимараттар, т.с.с.

Анасы Айнұр Бекжанованың айтуынша, он күннен кейін заң бойынша іздеу жұмыстары тоқтатылады екен. Жұмыстарды жалғастыру үшін ата-анасы жаңа өтініш жазыпты.  

Полицияда қазір Мұқаншы ғана емес, Быжы және Қаратал өзендері де тексеріліп жатқанын хабарлады. Баланың фотосуреті мен бағыттама мәлімет жақын маңдағы барлық ауылдарға таратылды.

Бала туралы қандай да бір ақпараттарыңыз болса, Жетісу облыстық полиция департаментіне немесе 102 номеріне хабарласу қажет.

Фото: BaigeNews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу