Жоғары аудиторлық палата азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді деп жазыпты Tengrinews.kz авторы Бахтияр Имамниязов.
Аудит барысында жүктілікке және босануға байланысты жоғары төлем алу үшін кірістер мен жұмыс орындарының санын жасанды түрде асыра көрсету жағдайлары тіркелген. Бір мезетте 3-10 жұмыс орнынан аударымдар жасау фактілері бар. Ал 169 адам 16-дан аса ұйымда тіркеуде болып шығыпты.
Аудиторлар мұндай схемалардың алдын алу үшін нормативтік базаны жетілдіру қажеттігін атап өтті.
«Сонымен қатар, Әлеуметтік сақтандыру қоры активтерін өкілеттіліктен артық алу фактілері тіркелді, бұл 216 миллиард теңгеден астам сомадағы активтердің тиімсіз жұмсалуына әкеп соқты.
Әлеуметтік төлемдердің шекті мөлшері туралы норманың жоқтығы, сондай-ақ алушылардың кірістерін растау кезінде мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл деңгейінің жеткіліксіздігі Әлеуметтік сақтандыру қорының шамамен 96 миллиард теңге сомасындағы активтерін жоғалтуға әкелді», -
делінген екен басылым алған хабарламада.