Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрттен кейін қазақстандық азамат жоғалып кетті

Әлем
Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрттен кейін қазақстандық азамат жоғалып кетті
Фото: Yohnap.News

Оңтүстік Кореяда тұрмыстық тауарлар өндіретін зауытта ірі өрт шығып, екі шетелдік жұмысшы хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды Malim.kz. Yohnap.News-ке сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ дерегінше, өрт 30 қаңтар күні сағат 14:55 шамасында Солтүстік Чхунчхон провинциясындағы Ымсон уезінде орналасқан дымқыл сулықтар мен жөргектер шығаратын зауытта болған. Өрт шыққан сәтте кәсіпорында 83 адам болған, олардың 81-і дер кезінде эвакуацияланған.

Эвакуациядан кейін екі шетелдік жұмысшы хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды. БАҚ мәліметінше, олардың бірі шамамен 50 жастағы Қазақстан азаматы, екіншісі — 20 жастағы Непал азаматы. Өрт ішінара ауыздықталғаннан кейін іздестіру жұмыстары басталған.

Алайда кейбір ақпарат көздерінде хабар-ошарсыз кеткендердің бірі 50 жастағы Өзбекстан азаматы болуы мүмкін екені де айтылған.

31 қаңтар күні сағат 00:39-да өрт сөндірушілер ғимараттың екінші қабатындағы баспалдақ маңынан бір адамның мәйітін тапты. Қаза тапқан адамның жеке басы әзірге анықталған жоқ.

Өртті толық сөндіру шамамен 21 сағатқа созылып, тек 31 қаңтар күні сағат 12:08-де аяқталған. Өртті сөндіруге ғимарат құрылымдарының құлауы мен зауыт аумағындағы жанғыш материалдардың көп болуы кедергі келтірген.

Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея билігі екінші жоғалған жұмысшыны іздеуді жалғастырып, өрттің шығу себептерін анықтап жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу