8 жылға сотталған Қайрат Құдайбергеннің қандай активтері бар?

Malim Админ

  • 03.02.2025

Қаңтар оқиғасы кезінде «Дики Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевпен (20 жылға сотталды) бірігіп, адамдарды маңдарына жинағаны үшін қылмыстық іске тартылған экс-депутат, бизнесмен, блогер Қайрат Құдайберген ҚК-нің 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу») және 126-бабы («Адамды заңсыз қамау, оның ұрлануысыз») бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның бизнесмен дейтіндей қандай компаниялары бар еді? Бұған @Shishkin_like арнасы жауап іздеп көріпті.

Құдайбергеннің қандай бизнесі бар?

Телеграм арнасының жазуынша, Қайрат Құдайберген  жұмыс істеп тұрған үш компанияның құрылтайшысы.

Жеке кәсіпкерлерге қаржылай қолдау көрсету үшін арнайы қор ретінде 2017 жылы құрылған «Инвестициялық компания «Q3 Worldwide» ЖШС-ның иесі.  2023 жылға дейін компания шамамен 25 миллион теңге салық төлеген, бірақ кейін салық төлеуді тоқтатқан. Компанияның бес еншілес компаниясы бар, олар соңғы 12 айда да салық төлемеген.

«Neftmarkets» ЖШС. 2017 жылы тіркеліп, веб-порталдар жасаумен айналысқан. 2023 жылға дейін 1,5 миллион теңге салық төлеген.

 «GPM LTD» ЖШС. 2018 жылы тіркеліп, жеке қызметтер көрсетуді жоспарлаған, бірақ қазынаға бір тиын да салық төлемеген.

Құдайбергеннің тағы бір компаниясы «Munai’Su» ЖШС жұмысын тоқтатқан. Ол шикі мұнай мен ілеспе газды көтерме саудамен сату үшін құрылған, бірақ төлеген салығы тым мардымсыз, бұл компания іс жүзінде жұмыс істемеген сияқты.

Құдайбергеннің блогер ретінде көп ақша табуы мүмкін еді. 2022 жылы оның Instagram-дағы парақшасында 1,4 миллион жазылушы болған, бірақ қазір бұл сан 1,2 миллионға дейін азайған. Қазір бұл парақшада Құдайбергенді босатуды талап ететін жазбалар мен әлеуметтік тақырыптарға арналған бейнематериалдар жарияланады.

Еске сала кетсек, 2018 жылы Кайрат Құдайберген Алматы қаласының мәслихатына «Аманат» партиясынан депутат болып сайланған еді, ал 2022 жылдың шілде айында оны қамауға алғаннан кейін партиядан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылған.

Фото: halyq-uni.kz

Байланысты жаналықтар

«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

27.01.2025

«Қаңтар» оқиғасында жоғалған қарулар табылды

27.01.2025

Ертең «Дикий Арманға» сот үкімі шығады

26.01.2025

Кеше сотталған экс-полицей Берік Әбілбековтің видеосы жарияланды

18.01.2025

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

17.01.2025

Талдықорғанда «Қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған автомат пен тапаншалар табылды

08.01.2025
MalimBlocks
«Дикий Арман» 20 жылға қамалды

«Қаңтар» оқиғасында жоғалған қарулар табылды

ІІМ елде ауқымды операция жүргізді

Ертең «Дикий Арманға» сот үкімі шығады

Ол «Қаңтар» оқиғалары бойынша бірнеше баппен айыпталған

Кеше сотталған экс-полицей Берік Әбілбековтің видеосы жарияланды

HRW: Мамай, Жыланбаев, Тілеужандарды әділетсіз соттады

Human Rights Watch ұйымы Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі есебін жариялады

Талдықорғанда «Қаңтар» оқиғасы кезінде ұрланған автомат пен тапаншалар табылды

Биылдыққа елімізде 24 дана атыс қаруы тәркіленген