«Адал еңбек осылардікі». Астанада өрт сөндірген құтқарушылар ризашылыққа бөленді

Желі қолданушылары құтқарушылардың жанқиярлық еңбегіне тамсанған

Мәди Саматұлы

  • 23.06.2024

Астанада болған өрт кезіндегі өрт сөндірушілердің жанқиярлық еңбегі жұртты тәнті етті. Аптап ыстықта жалынмен алысып, нәрестені құтқарып жатқан суреттері желі қолданушыларының ризашылығын туғызды, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы ТЖД жариялаған суреттердің астында желі қолданушылары тамсанған пікірлерін жаудырған.

Бүгін күнің ыстығы сонша, көшеде жүру мүмкін емес болды, мына кісілердікі – оттың ішінде жүру қандай қиын. Алла күш-қуат берсін сіздерге, аман болыңыздар. Бүгінгі күннің батырлары осылар.

Не деген еңбек! Адам баласы мынандай ыстықта далаға шыға алмайды. Бұл жігіттер күннің ыстығына қарамай жұмыс істеп жатыр, адал еңбек осылардікі. Байқұстарға жағдай жоқ. Өздерін құрбандыққа шалып, семьяларын бағу үшін отқа да суғада түседі.

Адал еңбек, Түсінбейтіндер ең азы 15 мин сол жұмысты істеп көрсін. Аман болыңдар! Жанбаңдар

Айта кетейік, «Хан шатыр» СОО маңындағы ғимаратта шыққан өрт 180 шаршы метрді шарпыған. Сағат 18:06-да ауыздықталып, сөндірілген еді. ТМЖ мамандарының көмегімен 10 адам сыртқа шығарылған, оның ішінде 6 ересек және 4 бала бар. Кейбірі өрт аумағынан өзі шыққан. Әйтеуір зардап шеккендер жоқ.

Ал тілсіз жаумен күреске 90-нан астам өрт сөндіруші және 20 техника жұмылдырылған.

Фото: Астана қаласы ТЖД

Байланысты жаналықтар

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

06.04.2025

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

06.04.2025

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

06.04.2025

Жәнібек Әлімханұлы: Қорқатындай ештеңе жоқ, барлығын жекпе-жекте көресіздер

04.04.2025

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

04.04.2025

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды

04.04.2025
MalimBlocks
Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты

Қостанайда тұрғын үйден өрт шықты. ТЖМ қызметкерлері 6 адамды құтқарып, 8 адамды эвакуациялады

Қалаларда құрылыс материалдарының бағасы күйіп тұр

Кірпіш бағасы еліміз бойынша ең қымбат, яғни, 500 данасы орта есеппен 75 000 теңге тұрады

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 510,5 теңгеден сатылып жатыр

Жәнібек Әлімханұлы: Қорқатындай ештеңе жоқ, барлығын жекпе-жекте көресіздер

Абай облысындағы «Семей орманы» қайта өртенді

Баянауыл ұлттық паркінде ірі дала өрті оқшауланды