«Әділдік және өркендеу» Қоғамдық қоры мектептегі тамақ сапасына қатысты әлеуметтік мониторингті бастады

Malim Админ

  • 15.10.2024

«Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры мемлекеттік мектептердегі тамақтың сапасына қатысты әлеуметтік мониторингтің басталғанын хабарлап, оған барлық қазақстандық оқушылардың ата-аналарын қатысуға шақырады. Ол үшін осы жылдың 14 мен 28 қазаны аралығында өзіңізге қолайлы уақытта берілген сұрақтарға онлайн жауап беру қажет. http://surl.li/znqxez
    Бұл әлеуметтік мониторингте мектеп оқушыларын дәмді және пайдалы тамақтандыруға қатысты барлық сұрақтар қамтылған. Қор ата-аналардан мәзірдің әртүрлілігін, асханалардың санитарлық жағдайын, оқушылардың тамақтану кестесінің ыңғайлылығын және басқа да қызметтерді бағалауды сұрайды.  
Сауалнама жасырын түрде өтеді. Жауап беру уақыты бес минуттан аспайды.   
Ата-аналардың жауаптары мемлекеттік мектептерде тамақтану процесін ұйымдастыруға қатысты ең өзекті мәселелерді анықтауға көмектеседі. Сауалнама нәтижелері БАҚ-та жарияланып, ҚР Оқу-ағарту министрлігіне және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға жіберіледі. Сауалнамаға қатысушылардың өз ұсыныстарын беруге мүмкіндігі де бар. Ата-аналардың пікіріне сүйене отырып, Қор мектеп асханаларының сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлейді.  
Мемлекеттік мектептердегі балалардың тамақтану сапасын бақылау тақырыбы – «Әділдік және өркендеу» Қоры қызметінің басым бағыттарының бірі. Жұмыс ҚР Оқу-ағарту министрлігімен және Қазақ Тағамтану Академиясымен бірлесіп жүргізілуде.
Әлеуметтік мониторингтен басқа, Қор мектептегі тамақтану сапасын бағалау бойынша қоғамдық бақылау шеңберінде тұрақты түрде басқа да іс-шараларды өткізеді. Мысалы, Қор белсенділері Жетісу облысының, Түркістан және Алматы облыстарының, Алматы қаласының мектеп асханаларына тексеру жүргізді. 
Қор осы тексеріс барысында балаларға қосымша тамақ порциясының берілмеуі, астың мәзірдегі сипаттамаға сәйкес келмеуі, буфеттерде мектептерде сатуға тыйым салынған өнімдердің сатылуы (оның ішінде шоколад пен энергетикалық сусындар), санитарлық нормалар мен тамақ дайындау технологияларының сақталмауы секілді бұзушылықтарды анықтады. Сондай-ақ, мектеп асханасында газ баллонын пайдалану, қызметкерлердің арнайы дипломының жоқтығы секілді жәйттер де жиі кездеседі. Барлық анықталған бұзушылықтар бойынша актілер жасалып, бақылаушы органдарға жіберілді. Қор биылғы оқу жылының соңына дейін еліміздің барлық өңіріндегі мектеп асханаларын тексеріп шығуды жоспарлап отыр.  
АНЫҚТАМА: «Әділдік және өркендеу» қоғамдық қоры белсенді азаматтардың бастамасымен құрылды. Бүгінде Қазақстанның барлық аймағында өз өкілдігі мен 5 000 астам жақтасы бар. Қордың жобалары мен бастамалары кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасын сақтау, мектептегі тамақ сапасын бақылау, жөнделген жолдың сапасын тексеру секілді маңызды мәселелерге арналған. Қор қазақстандықтардың еңбек құқығын қорғауға қатысты тегін заңгерлік көмек көрсетеді. Ел тұрғындарының пікірін анықтау үшін Қор «Әлеуметтік мониторинг» жүргізеді. Кез келген қазақстандық Манифестке қол қойып, Қор жұмысына қосыла алады. 
Фото: © Sputnik / Владислав Воднев
 

Байланысты жаналықтар

Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

12.04.2025

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

11.04.2025

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

10.04.2025

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

08.04.2025

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

05.04.2025

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды

03.04.2025
MalimBlocks
Бейнеу мектебіндегі оқушылар неден уланғаны анықталды

Мектептерде оқушыларға телефон қолдануға тыйым салынбақ

Франция орта мектептерде ұялы телефонға тыйымды күшейтеді

Мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізу ұсынылды

Бас прокурор Берік Асылов мектеп бағдарламасына "Заң және тәртіп" атты жаңа пән енгізуді ұсынды

Қазақстанның 1100 мектебінде дрон ұшыру оқытылады

СҚО-да ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай жүр

Солтүстік Қазақстан облысында ата-аналар баласын қазақ сыныбына бере алмай сенделіп жүр. Бұған себеп - өңірдегі мектеп тапшылығы. Мәселен, Белое ауылының оқушылары ана тілін үйрену үшін қалаға қатынауға мәжбүр

Маңғыстау облысында тағы оқушылар уланды