Алдағы он күнде қай өңірлерде құрғақшылық болады

«Қазгидромет» РМК дауылды ескерту жариялады.

Malim Админ

  • 20.06.2024

«Қазгидромет» РМК қауіпті агрометеорологиялық құбылыстар туралы дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Сонымен бірге еліміздің бес облысында, атап айтқанда, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Алматы мен Ұлытау облыстарында құрғақшылық болуы мүмкін екенін хабарлады.

Алдағы 10 күнде Жамбыл облысында Байзақ, Талас, Сарысу, Жуалы, Жамбыл мен Рысқұлов аудандарында, Түркістан облысында Түркістан, Сайрам, Шардара мен Жетісай аудандарында, Қызылорда облысында Арал ауданында, Алматы облысында  Балқаш, Жамбыл аудандарында және Ұлытау облысында атмосфералық құрғақшылық болуы ықтимал, - делінген «Қазгидромет» РМК дауылды ескерту туралы хабарламасында.

Бүгін Алматы қалаcында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы болуы мүмкін.

«Қазгидромет» РМК-нің хабарлауынша, алдағы күндері еліміздің батысында бірнеше күн бойы тұрған аптап ыстықтың беті қайтады.

22 маусымда жауын-шашынның әсерінен ауа температурасы өзінің климаттық қалпына оралады.

Еліміздің солтүстігі мен орталығында жауын-шашын аздап тоқтағаннан кейін, жаңбыр жауады. Сол кезде найзағай ойнап, кейбір өңірлерде қатты жаңбыр, бұршақ пен қатты дауыл соғады. Ал еліміздің оңтүстігіндегі таулы жерлерде күндізгі конвекция әсерінен әлі де тұрақсыз ауа-райы болады. Тек шығыс аймақтарда айтарлықтай жауын-шашын болмайды.

Фото: pixabay.com

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

15.05.2025

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

15.05.2025

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

14.05.2025

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

13.05.2025

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?

13.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Қазақстан алғаш рет күнбағыс майының үздік 10 экспорттаушысы қатарына енді

Шерзат ісі: судья ескерту жасады

Қазақстанда толық автономды ЖИ жүйелеріне тыйым салынады

Бұдан бөлек, жоба жасанды интеллектті пайдаланудың кейбір түріне де тыйым салады

Жаз айларында ауа райы қалай болады?

Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болуы мүмкін?