1700 литр алма шырыны. Алматылықтар ерекше рекорд жасады

Бұл Қазақстанның ғана емес, әлемнің рекорды

Мадина Қайнарова

  • 16.09.2024

Алматыда Қала күніне орай ұйымдастырылған Apple Fest фестивалінде тұрғындар 1700 литр алма компотын қайнатты.

Биыл 13-ші рет ұйымдастырылып отырған фестиваль тұңғыш президент саябағында өтті. Шара аясында алмадан 1700 литр компот қайнатылды. Бұл Қазақстанның ғана емес, әлемнің рекорды.

Фестивальде алманың 130-дан астам сорты ұсынылды. Ал компотты кәсіби аспаздар әзірлеген. Мерекеге келушілер нәрсудан дәм татты. Бір литр компот 500 теңгеден саудаланды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, саудадан түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады. Атап айтқанда, қаланың саябақтарына ағаш көшеттерін егуге, құстарға ұя мен жем салатын астаулар сатып алынады.

Рекорд Гиннес кітабының талаптарына сай жасалды. Түсірілген материалдар комиссияға жіберіледі.

Фото: belnovosti.by

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды