Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Алматыда Жұма намазында көшені жауып қалғандарға қатысты тексеру жүріп жатыр

Қоғам
Алматыда Жұма намазында көшені жауып қалғандарға қатысты тексеру жүріп жатыр

Алматы қаласы полиция департаменті Орталық мешіті маңындағы жағдайға байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала полициясы сол жағдай бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын әрі тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Сонымен қатар, азаматтарды ел заңнамасын мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Кез келген себеппен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады және ҚР ӘҚбК-нің 614-бабының талаптарына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады. Осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Алматы полициясы профилактикалық және құқықтық түсіндіру жұмыстарын күшейтті. Мұндай деректерге жол берілмейді, олар тоқтатылады, деп жазылған полиция мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде Жұма намазы кезінде құлшылық жасаушылардың Орталық мешіт жанында көшені жауып қалған видеосы тараған еді.

Фото: видеодан скриншот

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу