«Ақыретте көз жасымның ақысын сізден аламын». Желіде әйел «Ділмұрат ахи» жайлы шындықты айтты

Видео авторы талай қыз-келіншектің алданып қалып жатқанын алға тартты.

Сабина Асқарқызы

  • 12.06.2024

Әлеуметтік желіде өзін Шымкент тұрғынымен деп таныстырған әйел жат ағымның жетегінде кеткендер және «Ділмұрат ахиге» қатысты үндеу жариялады, деп хабарлайды Malim.kz.

Келіншік қауіпсіздігі үшін аты-жөнін атай алмайтынын алға тартты. Сөзіне қарағанда, күйеуі оны зат секілді басқа біреуге сыйлай салған. Сонан соң өз кезегінде ол басқа біреуге сыйлаған. Ал бірінші күйеуі өзін Ділмұрат ұстаздың шәкіртімін деген екен.

Мен өзімнің және бала-шағамның қауіпсіздігі үшін аты-жөнімді айта алмаймын. Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Намазға келгелі бері жат ағымдағы бауырға тұрмысқа шыққалы бері, оның айтуы, мақтауы бойынша сіздің (Ділмұрат ұстаз – авт.) уағыздарыңызды тыңдап келгенмін. Сіздің шәкіртіңізбін деп жүрген жат ағымдағы бауырға тұрмысқа шықтым. Көп ұзамай, өзімнің бауырым деген екінші салаф бауырға мені сый ретінде, зат ретінде сыйлады. Осылай екіншісі үшіншісіне, үшіншісі төртіншісіне зат ретінде сыйлап кете берді. Әр тұрмыста мен балалы болып отырдым, – дейді ол.

Видео авторы Ділмұрат ұстаздың уағызын тыңдаған талай қыз-келіншек біреудің құрбанына айналып, ал балалар жетім қалып жатқанын тілге тиек етті.

Имамдарды тыңдама дейсіздер, олар адасушы дейді. Олар емес, сіздер адасқансыздар. Шетелге қашып, елге іріткі салып, қазақ келіншіктерін жақсы жолдан тайдырып, шүберек қылып пайдалануға насихаттап отырған сіздерсіздер. Қыз-келіншектерге айтарым, салаф бауырлардың алдауы мен арбауына түспеңдер. Тұрмысқа шықпаңдар. Жәннат кілті – ана табанының астында. Менің көз жасым, балаларымның көз жасына қалған, Ділмұрат, ақыретте көз жасымның ақысын сізден аламын. Қыз-келіншектердің жылауына, көз жасына сен жауаптысың, – дейді видео авторы.

Фото: Qazaqeli.ru

Байланысты жаналықтар

Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

15.05.2025

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

10.05.2025

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

08.05.2025

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

25.04.2025

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

15.04.2025

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

13.04.2025
MalimBlocks
Шерзат ісі: сотта адамшошырлық кадрлар көрсетілді

Астанадағы мешітте жұма намазға келген екі адам жанжалдасып қалды

Астанада тыл ардагері парадқа кіре алмаған

Қысым көрсетіліп жатыр: Жамбыл облысына арнайы топ жіберілді

Тек әйелдерден құралған экипаж ғарышқа ұшып-келді

Қазақстанда имамдардың жалақысы қанша?

Қазақстанда 800-ге жуық имам жалақы алады