Арқалыққа қарасты елді мекендерді тасқын су шайып кетті

Кешеден бері Торғай аймағын тасқын су алып кетті. Арқалық қаласына қарасты Екідің (Сарыторғай), Қайыңды, Қызыл Жұлдыз, Жаңа қала (Қараторғай) ауылдарын, Амангелді ауданының орталығы мен оның басқа да елді мекендерін су басып кеткен, деп хабарлайды Malim.kz.

Malim Админ

  • 27.03.2024

Арқалық қаласының шеткі үйлеріне де жеткен. Қазір ауылдарда жағдай өте қиын. Халық әлеуметтік желіде су тасқынын фото мен видеоға түсіріп, көмек сұрап жатыр. Ал бүгін ауылдарда интернет байланысы мүлде ажыратылған.

Екідіңде 22 үйді су алып кетті. Халық аман. Елді су тасқынынан қауіпсіз жерге көшіру үшін тікұшақ жіберілді. Қызылжұлдызға 3 техника кетті. Қайыңдыға да жіберілді. Мал шығыны жөнінде ақпарат жиналып жатыр, – деді Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Тәшімов.

Сондай-ақ ол Арқалық қаласына қарасты Екідің, Әбдіғаппар хан (Қараторғай) ауылдарымен байланыстыратын көтерме жолдың суағар құбырлары еріген қар суын өткізіп үлгере алмағандықтан, 25 наурыздан бастап аталған ауылдармен қарым-қатынастың уақытша үзілгенін, соның кесірінен Екідің ауылындағы 23 үйге су кіріп, 10 үйдің зардап шеккенін айтты.

Екідің ауылында 258 тұрғын бар. Ауылдағы 49 үйдің 23 -не су кіріп, 10 үйге залалын тигізді. Қауіпті жағдайда қалған екі қыстаудың тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Екідің мен Жұман қыстауының арасы – 11, Сауғабай қыстауының арасы – 13, Шотаяқ қыстауының арасы – 15 шақырым.

Әкім орынбасарының мәліметінше, Әбдіғаппар хан ауылында 276 тұрғын бар. Екі үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Қайыңды ауылдық округі Қызылжұлдыз ауылының 185 тұрғынын қауіпсіз жерге шығаруға 3 автөкөлік жіберілді. Қайыңды ауылдық округіне қарасты 4 шаруа қожалығы орналасқан қыстауда 14 адам қауіпті жағдайда. Қайыңды мен Сәдман қыстауының арасы – 18 шақырым.

Аталған екі ауылда да аяғы ауыр әйелдер мен медициналық есепте тұратын науқастарды қауіпсіз жерге шығару, ауыл тұрғындарын азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен қамту шаралары жүргізілді, – деді Арқалық қаласы әкімінің орынбасары.

Сонымен бірге Абзал Тәшімов 26 наурызда сағат 18:45 -те Арқалықтың Северный кенті, Пролетарская көшесі бойында жолдың үстімен өтіп кеткен қар суын тоқтату үшін жолдың жиегіне 4 «КамАЗ» көлігімен құм төселгенін атап өтті.

Оның айтуынша, жергілікті атқарушы органнан 3 су сорғыш мотопомпа, төтенше жағдайлар бөлімінен 2 су сорғыш мотопомпа және төтенше жағдайлар департаментінен жылжымалы су сорғыш станциясы жұмылдырылған. Судың бағытын өзгерту үшін 1 экскаватор мен 2 погрузчик техникасы жолдың бойынан арық қазды. Оған барлығы 50 адам, 13 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде жолдың үстінен су ағуы тоқтатылды.

Көктемгі қар суынан келетін қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізілді. Қала мен оған қарасты кенттерден 69 200 текше метр қар сыртқа шығарылды. Арықтар, су өткізгіш құбырлар тазартылып, әлеуметтік желілер арқылы тұрғындарға аула ішіндегі қарды қақпасының сыртына шығаруы қажеттігі жөнінде хабарланды, - деді ол.

25-27 наурыз аралығында 109 және 7-14-74 телефон нөмірлері бойынша диспетчерлік қызметке үйіне, ауласына кірген суды сору, арық қазу сынды 250 өтініш, шағым түскен. Соның ішінде 70 қоңырау бойынша ақпарат расталып, 51 мекенжай бойынша үй ауласынан және үйлерінен су сору жұмыстары жүргізілді. Қазір қалған өтініштер бойынша тиісті жұмыстар жалғасып жатыр.

Арқалық қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ардагерлерді ардақтайық», «Қарлы десант» жобалары аясында және тұрақты түрде жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетілді. Яғни, қаладағы 4 колледж бен Арқалық педагогикалық институтының студенттерінен құралған еріктілер 26 жалғызбасты қарияның үй ауласындағы қарларын қақпа сыртына шығарып, көктемгі қауіпсіздік шарасына қолғабыс жасады. Арқалық жылу энергетикалық компаниясы да погрузчик техникасын беріп, аталған қариялардың үйлерін қардан тазартып берді.

Түскен шағымдар бойынша Арқалық қалалық әкімдігі жанынан 4 мобильді топ құрылып, 8 мотопомпамен су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы қала бойынша жергілікті атқарушы органдардан 32 адам, 3 техника, 8 мотопомпа, №4 өрт сөндіру бөлімінен 15 адам, 1 техника, 5 мотопомпа, Арқалық қаласының жедел құтқару жасағынан 2 адам, 1 техника, 1 мотопомпа, Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаменті жасағынан 50 адам, 3 техника және 1 тіркемелі мотопомпа қауіпсіздік жұмыстарына жұмылдырылды. Сонымен қатар, Арқалық қаласына Қарағанды қаласының әскери бөлімшесінен  50 адам 3 техника, Қостанай қалалық төтенше жағдайлар департаментінен  2 техника мен 5 адам жіберілді.

Байланысты жаналықтар

Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

22.02.2025

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

21.02.2025

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

21.02.2025

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

21.02.2025

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

21.02.2025

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

20.02.2025
MalimBlocks
Тұман, бұрқасын... Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Кей өңірлерде жел күшейеді

Жазушы Дулат Исабеков өмірден өтті

Алматы облысында алаяқ қайтыс болған баланың еміне ақша жинаған

"Блогерлер салық төлеңдер!". Комитет хабарламасын қайтарып алды

Перизат Қайрат мүгедек балаларды пайдаланып қайырымдылық ұйымдастырған – ҚМА

Павлодарда үй өртеніп, адамдар құтқарылды

Бір адам ыстан уланып, ауруханаға түскен.